Бұхара облысында құбыр шығаратын «Enpipe» кәсіпорны іске қосылды

    Билік 31 May 2024 1971

    Президент Шавкат Мирзиёевтің Бұхара облысына жұмыс сапары қарсаңында «Қарақөл» еркін экономикалық аймағында «Enpipe» кәсіпорны іске қосылды.

    Жалпы құны 58 миллион долларды құрайтын жоба толығымен шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Мұнда Қытай, Түркия, Голландия және Испаниядан заманауи қондырғылар әкелініп, жылына 300 мың тонна металл құбырлар шығару жолға қойылды.

    Тік тігіс әдісімен дайындалған құбырлар жоғары қысымға және сыртқы әсерлерге төзімділігімен ерекшеленеді. Бұрын мұндай өнімдер негізінен шетелден әкелінетін. Оларды тасымалдауда құбырлардың үлкен сыйымдылықты қажет ететініне байланысты бағасыда жоғары болатын.

    Қазір мұнда түрлі қалыңдықтағы металдар лист түрінде әкелініп, дайындалады. Нәтижесінде құны 25 пайызға арзандады.

    Мұндай төзімді құбырлар газ-химия және тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және басқа да салаларда жоғары сұранысқа ие. Атап айтқанда, бұл жерде салынып жатқан МТО газ-химия кешенінде қолданылады.

    Кәсіпорында 400-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

    Мемлекет басшысына компанияның жоспарлары мен алдағы кезеңдері туралы ақпарат берліді.

    Қазірде атаулы жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары басталған. Онда әртүрлі көлемдегі қысымға төзімді резервуарларды шығарылады. Тағы 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Жоба толық қуатында жұмыс істесе, 121 миллион доллардың өнімін шығаруға болады. Кәсіпорынның экспорттық әлеуеті одан әрі артады.

    Мемлекет басшысы осында бұхаралық ақпарат құралдары өкілдерімен сұхбаттасты.

    – Бүгін Бұхарға келудегі мақсатымыз – 2 миллионнан астам халықтың тұрмысын жақсарту, табыс көзін құру, кедейлікті азайту. Облыстың көптеген жерлерінде егін егу үшін жерді тұздан шайю керек. Сондықтан біз өндіріске көбірек көңіл бөліп отырмыз. Бұл зауытты не үшін салдық? Мұндай құбырларды әкелу үшін қыруар қаржы жұмсайтынбыз. Бүгін біз жаңа ғимараттардың құрылысын бастаймыз. Олардың айналасында бірнеше бизнес пен жұмыс орындары пайда болады. Нәтижесінде адамдардың үйіне жарық, сенім мен үміт кіреді. Бұл үміт біздердің бірлесуімізге септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.

    «Қаракөл» еркін экономикалық аймағы өңірлік индустрияның тағы бір тұғыры болмақ. Бұл аймақ Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 тамыздағы тиісті қаулысы негізінде құрылған. Оның жалпы аумағы 566 гектар болып, онда 5 ірі жоба орналасқан. Олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, соңында үш мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates