«Ўзбектелеком» АҚ Қарақалпақстан Республикасының филиалы Нөкіс қаласы орталығынан 98 шақырым, аудан орталығынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан Қараөзек ауданы «Маданият» МАЖ аумағында жасайтын тұрғындарға телекоммуникациялық қызмет көрсету мақсатында 1 мың 24 абонентке арналған OLT құрылғыларын орнатылды.
«Маданият» ААЖ аумағындағы жалпы орта мектеп пен балабақшаға дейін 11,4 шақырым оптикалық кабель тартылды. Бүгінгі күні Қараөзек аудандық телекоммуникациялық желісі қызметкерлері тарапынан 7,3 шақырым оптикалық байланыс желісі және 13 шақырым абоненттік сым тартылып, 178-ден астам тұрғын үй GPON технологиясы негізінде интернет желісіне қосылған.
Сондай-ақ, осы аудан орталығынан 20 шақырым алыста орналасқан Қараөзек ауданы «А. Досназаров» ААЖ аумағында тұратын тұрғындарға да телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 1 мың 24 абонентке арналған OLT құрылғысы орнатылды.
Қазіргі таңда аудандық телекоммуникациялық желінің қызметкерлері тұрғындарды байланыс қызметіне қосу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.