Қарақалпақстан 660 миллион доллар Мысырдан инвестиция тартып отыр

    Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кенгесінің Төрағасы Аманбай Орынбаев басшылығындағы делегацияның Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ұйымдастырылған іссапары аясында Өзбекстанның Мысырдағы Елшілігінің бастамасымен осы делегация және мысырлық кәсіпкер, “Bell Energy” компаниясының басқару төрағасы Хайсам Хусейн арасында кездесу өтті.

    Жұмыс режімінде өткен келіссөздерде тараптар Қарақалпақстанның инвестициялық әлеуетін, оның экономикалық көрсеткіштерін, болашақ халықаралық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, аумақтағы инвестициялық жобаларға Bell Energy компаниясының қатысуы мәселесі қаралды.

    Келіссөздер соңында, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі мен “Bell Energy” компаниясы, сондай-ақ оның бизнес-серіктестері арасында жалпы құны 660 миллион долларды құрайтын өзара бірін-бірі түсіну туралы 5 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттарда бірқатар жобалардың, атап айтқанда, мұнай өнімдері үшін жер асты қоймаларының құрылысы, “Қайрақтас” алтын руда кенінде қазба жұмыстары, қалдықтардан энергия өндіру, биоэталон және әуежанылғы өндіру үшін бамбук плантацияларын жарату, сондай-ақ балалар өмірінің әл-ауқаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырыуы көзделген.

    Қол қойылған құжаттарды жүзеге асыру үшін тараптар әр жобаның техникалық жақтары мен қаржылық мәселелерін әзірлеп, үйлестіруге келісті, деп хабарлайды «Дуне» АА.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates