Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысындағы инвестициялық шаралар талқыланды

    Инвестициялар 8 Yanvar 2022 1375

    Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаковтың басшылығымен бейнеконференция түрінде Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысындағы инвестициялық белсенділіктің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерді үйренуге арналған жиналыс өтті.

    Оған министрліктер, кеңселер, салалық бірлестіктер, коммерциялық банктер, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласының жергілікті билік органдары, Өзбекстанның шетелдегі дипломатиялық өкілеттіктерінің өкілдері және екі аумақтың кәсіпкерлері қатысты.

    Өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру, инвестиция тарту, экспортты арттыру және осы өңірлердегі аудан-қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жауапты басшылардың атқарған жұмыстарының қорытындысы қаралды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қарақалпақстан Республикасында жалпы құны 3,2 триллион сумдық 256 жаңа инвестициялық жоба жасалып, мұның нәтижесінде 18,6 мың жаңа жұмыс орындары ашылатыны мәлім болды.

    Бұған жергілікті кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық жасау мен жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыру, оларға іс жүзіндік көмек көрсету мақсатында облыс әкімдіктерінің Қарақалпақстан Республикасының аудан және қалаларына біріктіру механизмі арқылы қол жеткізілді. Бұл механизмді енгізу бойынша жинақталған тәжірибені Хорезм облысына да енгізу тапсырылды.

    Жиында қарақалпақстандық кәсiпкерлер жобаларды жүзеге асырудағы тәжiрибесi мен жұмыс барысында кездесетiн өзекті мәселелерi туралы айтып өттi. Барлық көтерілген мәселелер жан-жақты сараланып, тиісті министрліктер мен кеңселерді жұмылдыра отырып, орын алған проблемаларды шешудің механизмдері жасалды.

    Сол сияқты Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысы аудандары мен қалаларына қарасты еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілеттіктерінің қызметі үйренілді.

    Дипломаттардың іс-әрекетімен осы аумақтарда шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2021 жылы құны 766,2 миллион долларлық 83 инвестициялық жоба жүзеге асырылуы басталды. Шетелдік инвесторларды жұмылдыру және жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатуда іс жүзіндік көмек көрсету мақсатында осы аумақтарда инвестициялық жобаларды өкілеттік өкілдеріне осы бағыттағы іс-әрекеттерді жандандыру тапсырылды.

    Ерекше тәртіппен 2022 жылы Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында мемлекеттік және аумақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты мәселелер талқыланды. Аумақтық инвестициялық бағдарлама аясында биылғы жылы Қарақалпақстан Республикасында жалпы құны 2,7 триллион сумдық 731 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, мұның нәтижесінде 13,6 мың жаңа жұмыс орны ашылады, Хорезм облысында жалпы құны 4,6 триллион сумға тең 695 жоба іске қосылуы есебінен 14,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылатыны айтылды.

    Министрліктердің, кеңселердің, коммерциялық банктердің және жергілікті билік органдардың басшыларына әрбір жобаның іске асырылуы барысында нәтижелі мониторинг жүргізу және оларды өмірге енгізу үдерісінде кәсіпкерлерде кездесетін проблемаларды жедел анықтау және шешу үшін әрбір жобаның жүзеге асырылуын тиімді бақылау және кеңсеаралық өзара ынтымақтастық механизмдерін әзірлеу тапсырылды.

    Жиналыс соңында тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы бойынша қосымша тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates