Қаулыға орай, 2023 жылдың 1 июліне дейін табиғи газды қабылдау және таратудың барлық пункттерінде онлайн-электрондық есептегіштер орнатылады.

Бұл есептегіштер салық органдарының ақпараттық жүйелерімен біріктіріліп, табиғи газ қозғалысының автоматтандырылған бірыңғай жүйесі енгізіледі.

2023 жылдың 1 октябрінен бастап Өзбекстаннан табиғи газды құбыр арқылы тасымалдайтын кәсіпорындардың газды қабылдау және өткізу пункттерінде хроматографтар мен электронды есептегіш аспаптарды орнату міндетті болып табылады.

2023 жылғы 1 июліне  дейін табиғи газды және сұйық көмірсутектерді реализациялау туралы келісімшарттар қатысты ақпаратты енгізудің ақпараттық жүйесі енгізіледі.

2023 жылдың 1 октябрінен:

табиғи газды және сұйық көмірсутектерді реализациялау туралы келісімшарттарға қатысты мәліметтер Салық комитетінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі;

аталған келісімшарттар бойынша электрондық есепшот-фактуралар Салық комитетінің ақпараттық жүйесіне енгізілген ақпарат негізінде қалыптастырылады.

2024 жылдың 1 октябріне дейін республикада қосымша 2 газ өлшеу станциясы салынады.