баннер
2 Apr 2025
05:03

    Қазақстан мен Өзбекстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды

    Қазақстан мен Өзбекстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 әуе бағыты ашылды. Бұл Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшу үшін қосымша бағыттардың бірі саналады.

    Әуе бағыты ашылғаннан бері Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға бағыт бойынша 19 әуе рейс жүзеге асырылды.

    Жаңа бағыттан Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксембург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (АҚШ), Aerologic Cargo Airlines (Германия) компаниялары пайдаланып үлгерді.

    T916 әуе дәлізінің жалпы ұзындығы 2187 шақырымды құрайды. Әуе кемелері Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігінің 437 шақырымын және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің 1750 шақырымын ұшып өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech