Қаулыға орай, 2021 жылғы 1 октябрьден экспорт жасалатын тауарлар үшін жұмсалған, шынында алынған тауарлар (қызметтер) бойынша төленуі қажет болған (төленген) ҚҚС соммасы салық төлеушінің Өзбекстандағы банк есеп-шотына шетел валютасы түсімі келіп түсуінен тыс есепке алынады.
Осы мүмкіндік ұқыпты салық төлеушілерге (соңғы бір жыл барысында валюта түсімдерін дер кезінде қамтамасыз етіп келе жатқан және экспорт келісімшарттары бойынша мерзімі өткен дебиторлық қарыздарлығы болмаған) ұсынылады.
Тауарлар «экспорт» кеден режимімен шығарылған күннен бастап 180 күн ішінде валюта түсімі немесе оның бір бөлігі экспортшының Өзбекстан коммерциялық банктеріндегі есеп-шотына келіп түскен жағдайда, ҚҚС-ның есепке алынған соммасы немесе оның тиісті бөлігі белгіленген тәртіпте есептен шығарылады.
2022 жылы 1 январьдан:
ҚҚС-ның соммасын қаптау (қайтару) үшін салық органдарына арызбен өтініш еткендігі туралы мәжбүрлі талап жойылады;
Салық төлеуші тиісті салық кезі үшін салық есебін тапсыруда, салық органдарын хабардар етіп, ҚҚС соммасын қаптау (қайтару) талабын білдіру құқығы беріледі.
2021 жылы қорытындысына дейін тауарларды импорттауда және тауарларды (қызметтерді) реализациялауда төленетін ҚҚС соммаларын өзара есепке алу тәртібі жасалады, сондай-ақ тәртіп тәжірибе ретінде 2022 жылғы 31 декабрьге дейін енгізіледі.