Қувадағы шетелдік кәсіпорындардың саны тағы біреуге артты

    Бизнес 11 May 2022 2461

    Ферғана облысының Қува ауданы жыл сайын 30-дан астам жеміс-жидек пен көкөніс өсіреді. Әсіресе, Кува анарының даңқы басқа елдерге де тараған.

    Жаз бен күз науқанында Қува-Ферғана-Марғылан, Қува-Шахрихан-Мархамат жолдарында қувалықтардың жасампаздық ғажайыптарына куә боласыз. Бір айта кетерлігі, отандық өнімнің ішкі сұраныстан артығы көптеген елдерге экспортталады.

    Әрине, мұндай мүмкіндіктер шетелдік кәсіпкерлердің назарынан тыс қалған жоқ. Мәселен, кеше Қува аудандық Әділет бөлімінің Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы «AХB-FRUITS» Әзербайжан шетелдік кәсіпорнын мемлекеттік тіркеуден өткізді. Кәсіпорынның негізгі қызметі түрлі жеміс-көкөніс өнімдерін экспорттау болып табылады. Жарғылық қоры 600 миллион сумды құрайтын бұл шетелдік кәсіпорын толық іске қосылғанда, 20-дан астам жергілікті жастар жұмыспен қамтылады.

    Айта кетейік, қазіргі таңда Ферғана облысында 300-ге жуық шетелдік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 16-ы Қува ауданында жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың январь-апрель айларында Қува аудандық Әділет бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы 148 жаңа кәсіпкерлік субъектілерін мелекеттік тіркеуден өткізді, деп хабарлайды Ферғана облысы Әділет басқармасының баспасөз қызметі.

    Элёржон Эксанов,

    Ферғана облысы Әділет басқармасының

    Жұртшылықпен байланыс бойынша маман.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates