Күн батареялары өзімізде өндіріледі

    Өнеркәсіп 11 May 2022 4256

    Ташкент облысында жылына 40 мың дана күн батареяларын шығару жобасы іске қосылады.

    Облыста қазіргі таңда 75 электртехника құралдарын өндіретін кәсіпорын бар, оның жылына өндіру қуаты 183 миллион долларды құрайды.

    2022-2024 жылдардағы жоспарға назар аударатын болсақ, Ташкент облысында осы бағытта жалпы құны 274 миллион доллар болатын қосымша 38 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 5875 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Жылдық өнім өндіру көлемі 513 миллион долларға, экспорт 91,4 импорт орнын басатын өнімдер 217 миллион долларға артуына қол жеткізіледі. Демек, облыс экономикасына қосымша 264,6 миллиард сум қаржы қосылатын болады.

    Осындай жобалардың бірі биыл «Renerca» ЖШҚ УК («FREE VOLT») тарапынан Нұрафшан қаласында 34 миллион сумнан астам инвестиция есебінен жылына 40 мың дана күн батареяларын шығарады, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Мәлімет ретіде айта кету керек, 2022 жылдың соңына дейін тағы 15 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 857 жаңа жұмыс орны ашылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates