Мемлекет басшысы Түркіменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына, Халықаралық бейтараптық күніне және 2025 жылдың «Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы» деп жариялануына арналған халықаралық форумға қатысып, сөз сөйледі.
Өзбекстан Президенті Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Мәслихатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов және Президент Сердар Бердімұхамедовпен келіссөздер жүргізді.
Сапар аясында делегация басшылары Ашхабадтағы жаңартылған Бейтараптық кешеніне де барды.
Іс-шаралар аяқталған соң, Өзбекстан Республикасының Президентін Ашхабад халықаралық әуежайында Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Хожамират Гелдімырадов пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.