Қаулымен республика аумақтарында майлы дақылдардың тұғымдарын өсіруге мамандандырылатын аудандар бекітілді.
Қаулыға сәйкес, аймақтардың топырақ-климаттық жағдайына қарай ауыл шаруашылығына арналған суармалы егістік алқаптардың 5 пайызға дейін ауыстырып егу жүйесінде майлы дақылдарды егуге рұқсат беріледі.
Күнбағыс дақылдарының топырақ құнарлылығына әсерін ескере отырып, негізгі және екінші рет егістіктерге егілген күнбағыс дақылдарынан кейін сидерат егіндерін егу және жерді жырту тәжірибесі қолданылады.
Майды қайта өңдейтін кәсіпорындарымен өнім өндіруші субъектілер арасында майлы егіндердің өнімін сатып алу бойынша келісім-шарттар «Агроплатформа» ақпараттық жүйесі арқылы жасалады.
2026 жылғы өнімінен бастап, майлы дақылдардың егіс алқаптарының нақты есеп-хисап жұмыстары жүргізіліп, осы егістік алқаптардың 500 гектарына ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесі енгізіледі.








