Агенттік мәліметінше, Гренландия төңірегіндегі шиеленіс Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Стивен Миллердің 5 қаңтар күні CNN телеарнасына берген сұхбатынан кейін күшейе түскен. Аралды күшпен басып алу мүмкіндігі туралы тікелей сұраққа Миллер нақты жауап бермеген. Reuters хабарлауынша, осыдан кейін Дональд Трамптың өзі мен оның әкімшілігі мүшелері Гренландияға қарсы күш қолдану туралы жиі айта бастаған.
АҚШ-тағы екі партия өкілдері де Трамп Конгресс келісімінсіз Венесуэладағыдай Гренландияда әскери операция жүргізуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Заң шығарушылар бұл мәселе бойынша өз ұстанымдарын Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Ақ үйдің басқа да ресми өкілдерімен бөлісті. Reuters мәліметінше, республикашылдар Дональд Трамп әкімшілігін АҚШ Гренландияға әскери жолмен басып кірсе, оған импичмент жариялануы мүмкін екені жөнінде ескерткен.
АҚШ Президенті бірнеше рет Гренландияның елі үшін, ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өткен. Әйтпесе, Трамптың айтуынша, аралды Ресей немесе Қытай өз бақылауына алуы мүмкін. 22 қаңтар күні НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен келіссөздер барысында Трамп Гренландия бойынша жоспар мәселесінде келісімге келгенін айтқан, алайда оның егжей-тегжейі жалпыға жарияланбады. Axios деректеріне сәйкес, бұл келісім АҚШ-қа аралдағы әскери деңгейін нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АҚШ Гренландияда пайдалы қазбаларды өндіру үшін артықшылықтарға ие болуы мүмкін, деп хабарлады kommersant.ru.