Робототехника бойынша әлем чемпионатында Өзбекстан құрама командасы қола медаль жүлдегері атанды

    Биылғы әлем чемпионаты жарысына 191 елдің өкілдері қатысты.

    Өзбекстандық мектеп оқушылары Сингапурде өткен First Global Challenge робототехника чемпионатында жүлдегерлер қатарынан орын алып, қола медаль жүлдесіне ие болды.

    Жыл сайын түрлі елдерде өтетін робототехника бойынша әлем чемпионатының биылғы жарысына 191 елдің өкілдері қатысты. Біздің ұлттық құрама осы жарысқа қатысу үшін 100% грант жеңіп алған болатын.

    — Біз Сингапурға мықты команданы әкелдік, олар халықаралық чемпионатқа жоғары деңгейде дайындалды. Өзбекстанда робототехника жылдан жылға қарқынды дамып келеді, – деді өз әсерімен бөліскен ұжым ұстазы Сафина Тешабаева.

    Ақпарат үшін, Өзбекстан құрама командасы осы чемпионатқа екінші жыл қатысып отыр.