Көпір екі ел арасындағы алғашқы автомобиль өткеліне айналды. Ол 1959 жылдан бері Ресей мен КХДР-ды байланыстырып келе жатқан қолданыстағы «Достық көпірі» теміржол өткелінің жанында салынған, деп хабарлады Kazinform.

Көпірдің ашылуымен қатар «Хасан» шекаралық бақылау-өткізу пунктінің құрылысы да аяқталды. Нысан 10 қозғалыс жолағына есептелген, ал оның өткізу қабілеті сағатына 300-ге дейін көлік құралын құрайды.

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің айтуынша, шекара маңындағы көлік инфрақұрылымын дамыту Ресей мен КХДР арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге жағдай жасайды.

Жаңа автомобиль өткелі сондай-ақ шекара маңындағы аумақтарды дамытуға және екі мемлекет арасындағы көлік қатынасының көлемін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.