Ресейдің «ПО «Возрождение» АҚ мамандары Ташкентке келді

    Үстіміздегі жылдың 25 октябрінде Ташкент қаласы әкімінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда басқармасының басшысы Шароф Рахманов « ПО Возрождение» АҚ (Ресей) бас директоры Михаил Клобертанс басшылығындағы делегация мүшелерімен кездесті.

    Қалалық әкімдікте өткен кездесуде Ш.Рахмонов астанамызда кең көлемде жүзеге асырылған өзгерістерге, Өзбекстанға, сондай-ақ Ташкентке саяхатшылардың қызығушылығы артқан сайын қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлылықтар деңгейін арттыруға бағытталған жоспарлар туралы айтылды.

    Кездесуде автомобиль жолдары, қиылыстар, көпірлер мен инженерлік кешендерді қаржыландыру, жобалау және құру саласындағы ынтымақтастық бағыттары қаралды.

    Тараптар біріккен жобаларды жүзеге асыру болашақтарын талқылап, өзара ұсыныстар мен мүмкіндіктерді зерделеуге, ынтымақтастық бойынша диалогтарды жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Ташкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат орнында: «ПО «Возрождение» АҚ Ресей Федерациясының солтүстік-батыс бөлігінде ондаған ірі кәсіпорындарды біріктіреді; ең сонғы технологиялары бар және жалпы саны 3500 адамнан құралған жоғары білікті мамандар командасы бар кәсіпорындар халықаралық сапа стандарттарына сай деңгейде жұмыс істейді. Компания қызметінің географиясы Санкт-Петербург, Выборг, Мәскеу, Астрахань, Самара, Великий Новгород, Волгоград, Калининград, Пенза, Краснодар, Красноярск, Ашхабад және Түркманбашы (Түркіменстан) және басқа қалаларды қамтиды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates