Ресейдің Қиыр Шығыс федералды округі Өзбекстанмен бірқатар салаларда ынтымақтастықты кеңейтеді

    Бизнес 26 Fevral 2024 564

    Өзбекстан Бас консулдығының дипломаттары Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер халықаралық конгресінің Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өкілетігінің басшысы Евгений Русецкиймен кездесу өткізді.

    Онда екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, өнеркәсіптік және инвестициялық коперация, көлік, логистика және гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.

    Бас консулдықтың дипломаттары елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылған реформалар, «Өзбекстан-2030» стратегиясында белгіленген маңызды міндеттер, шетелдік инвесторларға жасалған қолайлы жағдай туралы жан-жақты айтты.

    Евгений Русецкий өз кезегінде, Өзбекстандағы жаңару үдерістерін үлкен қызығушылықпен қадағалап отырғанын атап өтті. Ол ынтымақтастықты дамытуға және тұрғындарды, атап айтқанда Ресейдегі өнеркәсіпшілерді, инвесторларды, кәсіпкерлерді және тауар өндірушілерді осы оң өзгерістер туралы кеңінен хабардар етуге мүдделі екенін білдірді.

    Ресейдің Қиыр Шығыс федералдық округінде өнеркәсіптік, фармацевтика, тоқымашылық және ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екендігіне тоқталып, осы салалардағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

    Өзбекстан тарапы, сондай-ақ 2024 жылы елімізде өтуі жоспарланған халықаралық форум мен көрмелер туралы да ақпарат берді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың апрель айында Ташкент қаласында өтетін «Иннопром. Орталық Азия – 2024» Халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысуға ұсыныс жасалды.

    Кездесу соңында екіжақты ынтымақтастық байланыстарын одан әрі нығайту мақсатында өзара диалогты тұрақты түрде жалғастыру туралы келісілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.