Командалық бағдарламаға қатысқан Гүлістан Пердибаева, Фернанда Эррера, Наргиза Жаксибаева және Самира Шокирова квартеті  барлық қарсыластарын жеңіп, алтын медальға ие болды. Жерлестеріміз финалдық кездесуде Болгария құрамасын 45:30 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, жекелей сында Гүлістан Пердібаева алтын, Фернанда Эррера қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.