Әлеуеттік кадрлар резервіне енгізілген үміткерлер тағылымдамадан өтеді

    Білім 23 Mart 2023 1219

    Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту агенттігі тарапынан Әлеуметтік кадрлар резерві үшін жергілікті билік органдардың, министрліктер мен кеңселердің аумақтық басқармаларында 2 аптаға жалғасатын тағылымдамадан өтуді ұйымдастырды.

    Тағылымдамадан резерв үшін 754 жуық облыс әкімінің көмекшісі, 196 жастар жетекшілері және 50 белсенді әйел таңдап алынды.

    Алдымен үміткерлер бір жылға арналған «Жеке даму жоспарын» әзірлеп, «Мемлекеттік азаматтық қызметшілерді арнайы қашықтан білімін жетілдіру курсында» түрлі сала бойынша дағдыларын арттырды.

    Мақсат – үміткерлердің білімі мен дағдыларын нығайту және олардың іс-тәжірибемен үйлесімділігін қамтамасыз ету, өзерінің қызметтік міндеттерін тиімді жүзеге асыру үшін кәсіби біліктілігі мен басқару шеберлігін жетілдіру болып табылады.

    Агенттіктің аумақтық филиалдары мен Қарақалпақстан Республикасы Жоқорғы Кенгесі, облыстар мен Ташкент қаласы әкімдіктері тарапынан тағылымдамадан өту кестелері әзірленген.

    Үміткерлер 2 апта ішінде өздері біріктірілген жергілікті мемлекеттік билік органдары, республикалық мемлекеттік басқару органдарының аумақтық жүйелері (департамент, басқарма, бөлім) басшылары немесе олардың бірінші орынбасарлары бақылдауымен ұйым және оның қызметімен жақынан танысу, жұмыс үдерістерінде белсенді қатысу, ұйымның тиісті құжаттарымен, материалдарымен істеу мүміндігіне ие болады.

    Үміткерлерді бағалауда олардың еңбексүйгіштігіне, тәртібіне, жауапкершілігіне, білім деңгейіне, көшбасшылық қасиеттеріне, кәсіби кәсіпқойлығына, әдептілігі мен қарым-қатынас мәдениетіне баса назар аударылды.

    Әлеуетті кадрлар резервіне енгізілген кандидаттардың « Жеке даму жоспарының» орындауы, қашықтықтан оқыту курсы, ұйымдастырылған оқу курсы және практиканы өтеу нәтижелері Агенттіктің арнайы электронды платформасы (zaxira.argos.uz) арқылы қалыптастырылып барады. Үміткерлердің нәтижелері негізінде олардың рейтингі жүргізіледі. Олар рейтингтік көрсеткіштер бойынша «алтын», «күміс» және «қола» қорларына бөлінеді.

    «Алтын» қорға енгізілген үміткерлерді бір ай ішінде шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберіп, басшылық қызметтерге ұсыну жоспарлануда.

    Дилшод Сайдахмедов,

    Мемлекеттік қызметті дамыту

    агенттігінің жауапты қызметкері.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates