1000-ға жуық мұқтаж тұрғын тегін скринингте өткізіліп, катаракта ауруына шалдыққан науқастарға жасанды гаухар тас қойылады.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық орталығы Біріккен Араб Әмірліктерінің «NOOR Dubai» халықаралық ұйымымен бірлесіп, көз катарактасынан қиналған отандастарымызға хирургиялық жолмен офтальмологиялық көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын бастағаны айтылды.
Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінен әлеуметтік қорғауды қажет ететін жалпы 1000 науқас Ташкент пен Самарқант қалаларында жоғары технологиялық скринингтік тексеруден өткізіліп, катаракта нақтамасы қойылғандарға емдеудің «алтын стандарты» негізінде жоғары технологиялық факоэмульсификация әдісі арқылы жасанды гаухар имплантациялау отасы жасалады.
Акция үстіміздегі жылдың 14-17 апрель күндері Ташкент қаласында, ал 17-19 апрель күндері Самарқант қаласында орталық филиалда өткізіледі.
Отадан кейін емдеуді жалғастыру үшін әрбір науқасқа барлық дәрі-дәрмек пен шығын материалдары тегін беріледі.