Самарқант әлемнің туристік астанасына айналады.

    Туризм 3 Dekabr 2021 1613

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) Бас Ассамблеясы 2023 жылы Самарқант қаласында өтетін болды.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов қазірде Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан UNWТО-ның 24-сессиясы аясындағы дауыс беру қорытындысында айтты.

    Азиз Абдухакимов UNWTO-ның 25- Бас ассамблеясының көне Самарқантта өтуі мыңнан астам шетелдік қонақтарды әкеліп, жергілікті тұрғындар мен қолөнершілерге пайдасын тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл еліміздің туристік әлеуетін насихаттауға және елімізге саяхатщшыларды көбірек тартуға қызмет етеді.

    30 ноябрь мен 2 декабрь аралығында Өзбекстан делегациясы Испания Корольдігіне 24-сессияға қатысу үшін шақырылған. Мадрид қаласында өткен шара аясында 2023 жылы UNWTO Бас Ассамблеясын өткізу үшін Өзбекстан мен Португалия өтініш берді. Шара соңында, Өзбекстан айқын басым дауысқа ие болып, 2023 жылғы Бас Ассамблеяны көне Самарқант қаласында өткізуге келісті.

    Соның бірі – «Samarkand Touristic Centre» болып, ол ескек есу канал бойындағы 212 гектар жерде бой көтеруде. Бұл жерде құрылып жатқан «New Renaissance» конгресс-холл, қонақүйлер, ресторандар, демалыс орындары, сауда орталықтары, амфитеатр, «Мәңгілік қала» сияқты кешендер туристік инфрақұрылымды дамыту жолында қызмет етуі шүбәсіз. Жаңа нысанды 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, UNWTO Бас Ассамблеясы екі жылда бір рет өтетін ең маңызды туристік форум болып табылады және мұндай жоғары деңгейдегі іс-шараның, БҰҰ жанұясына кіретін ұйымның Бас Ассамблеясының Өзбекстанда өтуі алғашқы тарихи оқиға болып табылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates