«Замин» туристік-рекреацион аймағында аспалы жол іске қосылды

    Туризм 27 Avgust 2023 1318

    Үстіміздегі жылдың 25 авгусында Жызақ облысының Замин ауданында салынып жатқан «Зомин» туристік-рекреацион аймағында өңірдегі алғашқы аспалы жолдың жобасы пайдалануға берілді.

    «Замин» ТРА аумағында заманалық аспалы жолдың және көпқабатты автотұрақтардың құрылыс жұмыстары басталды. Жер учаскесінің ауданы 2 гектарды, ал жобаның құрылыс-монтаждау істерінің құны 133,3 миллиард сумды құрады.

    2022 жылы июнь айында Швейцарияның белгілі компаниясымен «Bartolet AG» аспалы жол үшін қондырғыларды жеткізіп беру және монтаждау істері үшін жалпы құны 6,72 миллион еуро болған келісімшартқа қол қойылған.

    Замин ауданы Дуоба ауылында салынған «Аспалы жол» кешенінің «Замин» аспалы жол 12 мұнарасы бар 11 дана бағанадан тұрады. Атап айтқанда, 11-мұнараның биіктігі 35 метр, ал 8-ші және 9-шы тіректердің арасындағы ең үлкен қашықтық 615 метрді құрайды. Аспалы жолдың ең үлкен қиясы 42 градусты құрайды. Аспа жолдың ұзындығы 2102 метр болса, адамдарды тасу үшін заманауи дизайндағы 36 кабина саяхатшыларға қызмет көрсетуге дайын. Қозғалыс жылдамдығы секундына 6 метрге дейін жетеді. Қозғалыс кезінде кабиналар арасындағы қашықтық 141 метрді құрайды және сағатына 1200 туристке қызмет көрсетуге болады.

    Айта кету керек, төменгі станцияның теңіз деңгейінен биіктігі 1961,1 метр, ал жоғарғы станциясы 2490,6 метр. Станциялар арасындағы биіктіктің айырмашылығы 529,5 метр.

    «Замин» туристік-рекреацион аймағында жалпы құны 456 миллиард сумды құрайтын төрт жобаның жұмыс үдерісі жалғасуда. Атап айтқанда, көпқабатты автотұрақ, заманауи мейрамхана, аспалы көпірлер, бір заманауи сауықтыру орталығының жобалары жүзеге асырылуда. Жобалардан құны 133,3 миллиард сум болатын заманауи аспа жолы (канат) бүгін пайдалануға берілді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    «Замин» туристік-рекреацион аймағында жақында ашылған туристік нысандар әлем туристеріне теңіз деңгейінен 2400 метр биіктіктегі табиғаттың сұлулығын тамашалауға мүмкіндік береді.