Атап айтсақ, кеше Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-практикалық медицина орталығы Самарқант филиалының бас дәрігері Мақсуд Саидов басшылығындағы бір топ жетекші кардиохирургтар Қарақалпақстан Республикасында болып, Нөкіс ауданындағы 200-ден астам тұрғынды тереңдетілген медициналық тексеруден өткізді.
Нәтижесінде күрделі кардиохирургияны қажет ететін науқастардың тізімі қалыптастырылды.
Жоғары технологиялық операцияларды жасау үшін Қарақалпақстан медициналық институттың клиникасы таңдап алынды. Нәтижесінде мұнда 3 адамға ашық әдісте жүрек операциясы жасалып, сәтті өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.