Самарқант қаласында Ауғанстанмен көршілес елдер министрлерінің төртінші кездесуі өтті

    2023 жылдың 13 апрелінде Самарқант қаласында Өзбекстанның төрағалығымен Ауғанстанға көршілес елдер министрлерінің төртінші кездесуі өтті. Шараға Өзбекстан, Иран, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Қытай сыртқы саясат кеңселерінің басшылары қатысты.

    Форум барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды, осы елдің қазіргі билік тарапынан әлемдік қауымдастықтың негізгі талаптарын орындауы – инклюзивті үкімет құру, ауғанстандық әйелдерінің еңбек ету мен білім алу мүмкіндігін және аз ұлт өкілдерінің құқықтарын қамтамасыз ету сияқты негізгі талаптардың орындалуын талқылады.

    Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету және елдің ұлттық экономикасын тіктеуге қаратылған бірлескен іс-әрекеттер механизімін әзірлеу қажеттігі атап өтілді.

    Халықаралық лаңкестікке, есірткі заттардың өндірісі мен олардың контрабандасына қарсы күресуде Ауғанстанға көршілес елдердің іс-шараларын күшейту маңыздылығы атап өтілді.

    Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы аймақтық өзара байланыстың негізгі факторы ретінде Ауғанстанның әлеуетін іске асыруға көмектесудің маңыздылығы атап өтілді.

    Осыған байланысты тараптар Ауғанстан аумағында көршілес елдердің қатысуымен жаңа жұмыс орындарын ашуды ғана емес, сонымен қатар бұл елдің аумақтық экономикалық үдерістеріне одан әрі белсенді интеграциялануына қызмет ететін инфрақұрылым және әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруда жақтастары екенін белдірді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates