Шетелдік профессорлар шеберлік сабақтарын өткізді

    Денсаулық 21 May 2021 2002

    Самарқантта өткізілуі жоспарланған Медициналық “Жедел жәрдемнің көкейкесті ділгірліктері: жәдел жәрдемде минималдық инвазивті технологиялардың орны мен ерекшелігі” тақырыбындағы ХVI халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында жергілікті және әзербайжандық бір топ дәрігерлер Каттақорған қаласында болды.

    Айтар болсақ, Президенттің Самарқант облысына баруы қарсаңында Каттақорған қаласы медициналық бірлестігіне құны 600 мың АҚШ долларына тең лапороскопия аппараты берілген еді. Енді каттақорғандықтарға, жақын аумақтағы аудан тұрғындарына облыс орталығына баруға қажеттілік жоқ. Қазірде бұл жердің өзінде лапороскопия әдісіндегі хуриргиялық практика жүзеге асырылуда.

    Шетелден және елімізден келген мамандар екі күн барысында Каттақорған қаласы медицина бірлестігінің хирургия бөлімінде емделіп жатқан науқастарды тексеруден өткізді. Олардың емделу үдерісі, операциядан кейінгі жағдайы бойынша шетелдік мамандар өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

    — Жүйеде әр жылы 220 мыңнан астам стационарлық хурургиялық істер өткізіліп, соның 50 пайыздан астамы жоғары технологиялық операциялар саналады, — дейді Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталық басшысының орынбасары Шухрат Атажанов. — Орталығымызда және оның филиалдарында әр жылы ишемиялық және гаморрагиялық қан айналуының созылмалы аурулары, қарын және көкірек қуысы саласындағы патологиялар үшін заманалық минималды инвазивті араласулар жүзеге асырылады. Орталықта Орта Азиядағы бірінші рет заманалық технологиялардың көмегімен осы кезге дейін жүзеге асырылмаған өте қиын хурургиялық практикалар нәтижелі өткізіліп келуде. Бұл мәселеде орталық мамандарының Ресей, Финляндия, Түркия, Жапония және Руминия сияқты елдердің медициналық мекемелерінде оқытылуы қамтамасыз етілуде, шетел клиникаларымен ынтымақтастық байланыстар кеңейтілуде, шетел мамандарының қатысуымен конференция және шеберлік сабақтары өткізілуде. .

    — Мемлекет орталығынан бірнеше жүз километр қашықтықтағы шалғай шалғай аумақта бұл сияқты жоғары технологиялық аспаптардың бар екені Өзбекстанда медицинаға айрықша назар аударылғаның көрінісі, тұрғындарға үлкен қамқорлықтың үлгісі, деп білемін, — дейді Баку ұлттық хирургия орталықтың басшысы, профессор Гурбонхон Муслюмов. — Әлем тәжірибесінен белгілі, жедел жәрдем жүйесіндегі жоғары технологияларды іс жүзіне енгізу өте қиын мәселе. Науқас түрлі дәрежедегі ауру, жарақаттармен келген, оған жедел көмек көрсету қажет. Мұндай жағдайда науқасқа жоғары технологиялық аспаптардың көмегімен көмек көрсету дәрігерден тәжірибе мен шеберлікті талап етеді.

    Бүгінде Өзбекстанда осы практиканы енгізу басталған. Мұның үшін жағдайлар да, дәрігерлердің тәжірибесі де жеткілікті екеніне куә болудамыз. Бір кездері еуропалықтар Әбу Әли ибн Синадан медицина сырларын үйрену үшін келген елде бұл тәжірибені тіктеу үшін барлық мүмкіндік бар, деп ойлаймын.

    Сонымен қатар мамандар Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығының Самарқант филиалында да науқастарды медициналық тексеруден өткізіп, лапароскопия арқылы өте қиын отаны жүзеге асырды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates