Самарқантта салмағы 2,2 келі болатын картоп өсірілді

    Агросектор 26 Iyul 2023 1797

    Бұл химиялық тыңайтқыштар емес, жұмысты тиімді ұйымдастырудың әсері.

    Самарқанттың Тайлақ, Бұлунғұр және Жамбай аудандарының диқандары бұрыннан картоп өсірудің қыр-сырын тиянақты меңгерген. Биыл облыста картоптың өнімділігі бұрынғыдан да жақсы болды.

    Бір ғана Тайлақ ауданында орналасқан Көкөніс, бақша егіндері мен картоп ғылыми-зерттеу институтының Самарқант ғылыми-зерттеу станциясында үстіміздегі жыл картоптың «Боғизоған», «Раъноми», «Эволюшин», «Аризона», «Силвана» және «Лусинда» сұрыптары егілген еді.

    Уақытында жүргізілген агротехникалық өңдеулер, әрине, тиімсіз болған жоқ. Бүгінде мұнда өсірілген картоп өнімі баршаның көз қуанышына айналды. 11 га жердің әр гектарынан орташа 35-40 тоннадан 50-52 тоннаға дейін өнім алуға қол жеткізілді.

    Сондай-ақ, жөктен қазылған картоптың салмағы 2-2,2 келі болғаны айтылуда. Картоптың орташа салмағы 350-600 граммды құрауда. Бұл мүлдем химиялық тыңайтқыштардың нәтижесі емес, жұмысты тиімді басқарудың нәтижесі.

    Сонымен қатар, ауыспалы егістің дұрыс жүргізілуі, егіу мерзімі, негізінен тамшылатып және жаңбырлатып суару, өсу кезеңінде 2-3 рет құрамында микро және макроэлементтер бар болған тыңайтқыштармен суспензия жасалғандығы жоғарыдағы нәтижеге қол жеткізілді.