2023 жылы Интеллектуалды мүлік агенттігі тарапынан патенттелген осы сұрыптың авторлары Рустам Низомов, Жасур Рахматуллаев, Мухаммаджон Расулов және Дилшод Турсуновтар болады.
Картоптың жаңа сұрыпы бұрынғы бар сұрыптырдан бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, бұл ультра ерте пісер сұрып, бұрынғы жергілікті сұрыптардан 10-12 күнге ерте піседі.
Оның вегетациялық кезеңі, яғни өнгеннен бастап жапырағы кепкенге дейін мерзімі 65-70 күн. Сұрп жоғары құнарлы топырақты талап етеді, вирустық ауруларға төзімділігімен бөлінеді.
Елімізде 2022 жылдың өнімі үшін фермерлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тарапынан картоптың жаңа өнімі мол «Суря», «Спунта», «Раноми», «Пассион», «Малис», «Луизана», «Ореа және Констанс» сияқты өнімділігі жоғары шетелдік картоп сұрыптары өсірілген.
Республика аумағында егуге ұсынылған ауыл шаруашылығы егіндері Мемлекеттік реестріне катоптың 152-ге жуық сұрыптары енгізілген, соның 19 сұрыпын жергілікті ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары жаратқан.
Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде картоптың 11 жаңа жергілікті сұрыпы ойлап табылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы мнистрлігінің баспасөз қызметі.