баннер
24 Apr 2025
15:34

    Санкт-Петербургте мигранттардың шығу тегі мен ұлтын анықтау үшін 8 мың бейнекамера орнатылады

    Санкт-Петербургте мигранттардың шығу тегі мен ұлтын анықтайтын 8 мың бейнекамера орнатылады.

    Санкт-Петербург қаласында мигранттардың этникалық тегін анықтау үшін 8 мың сыртқы бейнебақылау камералары орнатылады.

    «Коммерсант» газетініґ жазуынша, Санкт-Петербург қаласының әкімшілігінің ұлттаралық қатынастар комитетінің басшысы Олег Капитанов мигранттар мен олардлың жасайтын жерлерін бақылау үшін қала камераларын орнату туралы мәлімдеді.

    «Қала үкіметінің жиналысындағы баяндама жасап, лауазымды тұлға «қауіпсіз қала» ақпараттық жүйесінің жаңа қызметі – “ Тұлғаның бет-әлпетіне қарап ұлтын анықтау механизмі” туралы ақпарат берді, - деп жазады газет. – Механизм «этникалық анклавтардың қалыптасуына» қарсы күресу мақсатында әзірленген және «аумақта әлеуметтік шиеленістердің алдын алу үшін дер кезінде профилактика шараларын жүргізуге» мүмкіндік береді.

    Комитет басшысының қосымша жасауынша, 8 мың қалалық бейнекамераны жаңа функциялармен жабдықталады. Комитет «тұлғалардың ұлтын анықтау бойынша лицензия сатып алу үшін» келісімшарт жасады. Сондай-ақ ол 2024 жылы қала тұрғындарының 43 пайызы ұлтаралық қарым-қатынас жағдайын оң деп бағалағанын, әкімшілік бұл көрсеткіш 60 пайыздан жоғары болады деп күтетінін де атап өтті.

    Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңесі лауазымды тұлғалардың камераға түсірілген суреттерге сүйене отырып, этникалық шығу мәселесін көтеруін «адамның қадір-қасиетін төмендетеді» деп атайтыны атап өтілді, деп хабарлайды «Дуне» AA.

    «Ресей төлқұжатында тұлғаның ұлты көрсетілмеген. Енді кенеттен кейбір бейнекамералар адамның қайсы ұлт екенін анықтайды», - деді Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жетекшісі Валерий Фадеев.

    Мы в Телеграм
    Text to speech