Өнеркәсіп кәсіпорындарын басқару мен дамытуға жүйелі жанасу

    Ел назарында 27 Oktabr 2022 1505

    «Узчармсаноат» бірлестігі басшылығы мен «УЗБИ» – Өзбекстан бизнес және өнеркәсіп кеңесінің төрағасы арасында кездесу өтті.

    Кездесудің мақсаты – еліміздегі былғары-аяқ киім және елтірі өнеркәсібі өндірушілерінің қызметіне қолдау көрсету, олардың өнімдерін экспорттау жүйесін одан әрі нығайту, кәсіпкерлерге бизнес-тренингтер ұйымдастыру.

    Сұхбаттан алдын «УЗБИ»-ға республикамыздағы былғары-аяқ киім және елтірі өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар, өндірістің мүмкіндіктері, экспорт көлемі, инвестициялық тартымдылық туралы толық ақпарат берілді.

    Өз кезегінде «УЗБИ» – Өзбекстанның бизнес пен өнеркәсіп тармақтарын дамыту кеңесінің төрағасы елімізде дәл осындай саланың дамып келе жатқанын, саланың экспорттық көрсеткіштерінің артқанын атап өтті. Сонымен қатар, аталмыш бағытта шетелдік серіктестерді табу, сала кәсіпорындарын жаңа экспорт базарларына шығару бойынша кеңес жақыннан ынтымақтастық жасау ниетінде екенін білдірді.

    Ақпарат үшін айта кетейік, «УЗБИ» жергілікті кәсіпкерлер мен халықаралық базардағы бизнесмендер арасында мүдделі ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнатумен, олардың қызметін одан әрі дамытумен және кеңеске мүше кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғай отырып, олардың қызметін үйлестірумен айналысады. «УЗБИ» мен ынтымақтастық жасау кәсіпкерлерге шетелдегі 30 000 өзбекстандық кәсіпкерлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. 50-ден астам елмен ынтымақтастық орнатуға негіз жасалады.

    Кездесу соңында «Узчармсаноат» бірлестігі мен «УЗБИ» - Өзбекстанның бизнес пен өнеркәсіп тармақтарын дамыту кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates