Сардобалықтарға жылжымалы тәртіптегі мемлекеттік қызмет

    Сардобада су тасқынынан жәбірленген 90 жастағы Бобоқул бабаға мемлекеттік қызмет көшпелі түрде көрсетілді.

    2020 жылғы 1 майда болған Сардоба су қоймасындағы тасқыны сардобалықтардың біразға дейін есінен шықпайтыны анық. Су тасқынына дейін Бобоқул баба кең аулалы үйде жасайтын. Ауласы абаттандырылған, көрген жанның әуесі келетіндей еді. Өкінішке орай су тасқынында үй-жайын су шайып кетті.

    Арадан уақыт өтіп, махаллада көпқабатты қолайлы әрі көрікті үйлер құрылды. Су тасқынан жәбір көрген халық үймен қамтамасыз етілді. Бобоқул баба да үш бөлмелі жаңа үйге ие болды. Аудандық МҚО мамандары Бобоқул Норбоевтан жасап жатқан үйінің кадастр паспортын ресмилендіру үшін арызды көшпелі түрде қабылдады.

    Махаллаларда көрсетіліп жатқан көшпелі қызметтің басты себебі тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, ал мұндай шаралар Бобоқул баба сынды қарт азаматтардың алысын жақындатып, ауырын жеңілдеткені қуантарлық жайт, — деп хабарлайды МҚА Сырдария облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates