Сауд Арабиясымен көпжақты ынтымақтастық нығаяды

    Үстіміздегі жылдың 6 январында Үргеніш қаласындағы студияда Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Сауд Арабиясы Патшалығының (САП) инвестициялар министрі Халид ал-Фалихпен бейнеконференцбайланыс арқылы келіссөздер жүргізді.

    Сұхбат барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы және оны дамыту болашақтары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы август айында Сауд Арабиясы Патшалығына мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған келісімдерді жүзеге асыруды жеделдету іс-шаралары талқыланды.

    Жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру үдерісі, сонымен қатар Қарақалпақстан Республикасындағы қуаттылығы 1,5 ГВт болған Қоңырат жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық келісім және Өзбекстанда «жасыл сутегі» өндіру жобасы қарастырылды. Сонымен қатар ACWA Power компаниясымен бірлесе отырып, жалпы құны 4,2 миллиард доллардан асатын 5 жоба нәтижелі жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Әңгіме Бұхара, Сырдария облыстары мен Қарақалпақстан Республикасындағы жалпы қуаты 4,1 ГВт болатын электр станциялары туралы болып отыр.

    «Біз Сауд Арабиясы компанияларымен қолданыстағы және жасалып жатқан біріккен жобаларды уақтылы және тиімді жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге және нақты іс жүзіндік шараларды қарастыруға дайынбыз», - деді Лазиз Кудратов.

    Осы тұрғыдан Сауд Арабиясының Sabic, Saudi Telecom, Doktor Sulaymon Al-Habib Medical Group, Jamjoom Pharma, Al Rajhi International және Ajlan & Bros Holding Group, Al Hokair Group сияқты ірі компаниялары және Саудия Ұлттық банкімен баламалы энергия, банк секторы, химия, фармацевтика өнеркәсібі, телекоммуникациялар, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және бөлшек сауда сияқты салаларда біріккен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету бойынша сындарлы пікір және ұсыныстармен алмасылды. Сондай-ақ ірі өңірлік көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға Сауд Арабиясының инвестицияларын тарту мүмкіндіктері ерекше қарастырылды.

    Сауд Арабиясы тарапы өзбекстандық серіктестерін талқыланған бастамалардың нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде жан-жақты қолдап-қуаттауға дайын екендігіне сендірді.

    Көліссөздер қорытындылары бойынша тараптар Өзбекстан және Сауд Арабиясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында қол жеткізілген келісімдерді ілгерілету бойынша бірге іс-әрекеттерді жалғастыруға келісіп алды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates