Онда Өзбекстан мен Сауд Арабиясының ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты жеделдету, ғылыми істер саласында тәжірибе алмасуды жолға қою, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою мәселелері талқыланды.
Маджид ат-Туркий екі елдің тарихи өзара бір-біріне байланысты екенін, туысқан халықтарымыздың арасында қалыптасқан бауырластық байланыстардың нығайып келе жатқанын атап өтті.
«Өзбекстан өзінің ұлы тарихымен, бай мәдениетімен басқа мемлекеттерден ажыралып тұрады. Сондай-ақ, өзбек халқы өзінің қонақжайлылығымен танымал. Бұл өлкеден Ислам өркениетіне үлкен үлес қосқан ұлы ғұламалар шықты»,-деді ол.
Сауд Арабиясының өкілі Орыс-Араб ғылыми-зерттеулер және ақпарат орталығы дүние жүзінде 35-тен астам ғылыми мекемемен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқанын, оның 6-уы Өзбекстандағы ғылыми орталықтар екенін айтты.
Тараптар Өзбекстан Президенті құзырындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты, Орталық Азия халықаралық институты және Орыс-Араб зерттеулер және ақпарат орталығы арасында ынтымақтастықты орнату, бірге ғылыми мақалалар дайындау және басып шығару, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру туралы келісті, деп хабарлайды «Дунё» АА.