Сауд Арабия компанияларымен ынтымақтастық кеңейтіріледі

    Үстіміздегі жылдың 22 февралында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен ACWA Power және Vision Invest компаниясының басқару төрағасы, Өзбекстан-Саудия Кәсіпкерлік кеңесінің төрағасы Мухаммад Абунайян арасында келіссөздер жүргізілді.

    Сұхбат барысында энергетика, көлік, тау-кен өнеркәсібі және геология, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және цифрлық технологиялар салаларындағы келісімдерді жүзеге асыруды жеделдету мақсатында Сауд Арабиясы компанияларымен инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы айтылды.

    Жалпы пікірлер келісіліп, жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырудың кезең-кезеңімен механизмдері әзірленді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.