Өзбекстан елшісі Нодиржон Турғунов Сауд Арабиясындағы «Al Faris International» компаниясының төрағасы Осама бин Салихпен кездесті.
Сұхбат барысында Өзбекстанда білім саласында жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу, жеке халықаралық мектептердің филиалдарын ашу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Осама бин Салих соңғы жылдары Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы жоғары деңгейдегі сапарлар санының артқанын, сауда көлемінің артқанын, және Саудия инвестициясының бұрын-соңды болмаған деңгейде өсіп жатқанын атап өтті. Ол өзі басқарып отырған «Al Faris International» компаниясының білім саласын дамыту, оқыту сапасын арттыру, оқушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істейтінін жеткізді.
Компанияның инвестициясымен құрылған халықаралық мектептер әлем елдерінің халықаралық стандарты «IBO» бойынша жұмыс істейді. Олар Саудиядағы мектертердің арасында ең үздіктерінің бірі.
Еліміздің елшісі Өзбекстанда осындай мектептер ашу, студенттердің білімін жан-жақты жетілдіру және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша ынтымақтастық орнатуды ұсынды.
Саудия тарапы бұл ұсынысты толық қолдайтынын айтып, бұл тұрғыда барлық мүмкіндіктер бар екенін мәлімдеді. «Біз жүз пайыз өз капиталымызға немесе өзбекстандық серіктестермен халықаралық мектептерді құруға дайынбыз.
Бұл мектептерде халықаралық стандарттарға сай білім беріледі, оқу шет және жергілікті тілдің қатаң талаптары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелері құрылады. Бұл ретте, 6 жасқа дейінгі балаларға мектепке дайындық бойынша күшейтілген сабақтар беріледі», — деді ол.
Кездесу соңында «Al Faris International» компаниясы делегациясының Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.