«Саудия-Өзбекстан» достық тобының төрағасы басшылығындағы делегация Сенатқа барды

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Сауд Арабиясы Мәслихат кеңесінің «Саудия-Өзбекстан» достық тобының төрағасы Мухаммад бин Абдулазиз ал-Жарба басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Сұхбат кезінде Өзбекстан мен Сауд Арабиясы басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында елдер арасындағы қарым-қатынастар барған сайын кеңейіп келе жатқаны айтылды.

    Мухаммад бин Абдулазиз ал-Жарба Президенті Шавкат Мирзияевтың бастамасымен Өзбекстан ислам мәдениеті мен ағарту ісін дамытуға қаратылған назарды жоғары бағалады.

    Диалогта екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы парламентаралық байланыстардың маңыздылығына орай, одан әрі дамыту мәселелеріне назар аударылды.

    Парламенттік достық топтарының мүмкіндіктерінен тиімді пайдалану, олар арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жеделдету және іс жүзіндік нәтижелермен байыту туралы жан-жақты пікір алмасылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Кездесу соңында парламентаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға бағытталған тиісті құжат жобасын әзірлеуге және оған қол қоюға келісілді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates