Мемлекеттік қызметтер енді сайт арқылы көрсетіледі

    Үкіметтің қаулысымен Мемлекеттік қызметтерді жер-жерлерге шығу арқылы көрсетудің әкімшілік регламенті бекітілді.

    Регламентке сәйкес, мемлекеттік қызметтер Әділет министрлігінің Байланыс орталығына («Call-орталық») немесе оның ресми сайтына хабарласу арқылы көрсетіледі.

    «Call-центр» арқылы сауалдар жұмыс уақытында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

    Тәуліктің кез келген уақытында ресми сайт арқылы өтініш жасауға болады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты Мемлкеттік қызмет көрсету орталықтарының (уәкілетті органның) жұмыс уақыты шегінде белгіленеді.

    Байланыс орталығының менеджері өтініш берушінің атынан сауалнаманы толтырады және сауалнамадағы мәліметтерді растағаннан кейін өтініш берушіге төлем шот-фактурасын жібереді.

    Содан кейін жауапты қызметкер өтініш берушімен телефон арқылы байланысады, сауалнамада көрсетілген орынға барады және арнайы техникалық құралдарды (планшетке немесе компьютерге орнатылған дактилоскопия, принтер, және т.б.) пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсетеді немесе мемлекеттік қызметті пайдалануға өтініш жібереді. (сауалнамада көрсетілген мерзімдерде).

    Мемлекеттік қызметтерді орнында көрсеткені немесе мемлекеттік қызметтерді пайдалануға өтініш жібергені үшін Ташкент қаласы бойынша БЕМ-нің 50%, облыс орталықтарында БЭМ-нің 40%, аудандарда (қалаларда) БЭМ-нің 30% көлемінде бір реттік төлем алынады.

    Басқалардың көмегіне мұқтаж қарт адамдарға, денсаулық жағдайына байланысты өз бетінше қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға, І және ІІ топтағы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем алынбайды.

    Сондай-ақ, осы Регламент мыналарға қолданылмайды:

    ұлттық жүргізуші куәлігін ресімдеуге;

    Өзбекстан азаматтарының, Өзбекстанда тұрақты тұратын шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке куәліктерін және биометриялық паспорттарын беруге;

    жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates