Сайхунабад: кең және тегіс жолдардан абат мекенге қарай

    Бұл күндері еліміздің қай өңіріне барсаңыз да, “Сайхунабад тәжірибесі” негізінде тамарқаны дамытудағы жұмыстардың куәсі боласыз.

    Расында да, «Сайхунабад тәжірибесі» республикамызда кең таралып келе жатқаны, оны сайхунабадтықтар мақтан тұтатыны да рас.

    Егер жақын арада Сайхунабадта болған болсаңыз, кең де тегіс жолдар, жалпы пайдаланымдағы жолдардың бойындағы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жасампаздық пен жаңаруға жол ашқанына куә боласыз.

    – Жүргенге жол жақсы, дейді Сырдария облысы Автомобиль жолдары бас басқармасының басшысы Зафар Умарқулов. – Жақында жөнделген жолмен жүру кез келген жолаушы мен жүргізушіні қуантары сөзсіз. Ағымдағы жылдың көктемінде Сейхунабад ауданы аумағынан өткен мемлекеттік маңызы бар 4Р-25 «А-373 автомобиль жолының — Сайхун ауылынан — Бақыт қаласы — Қазақстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолының 45-51 шақырымы аралығында жүзеге асырылған жөндеу жұмыстары халқымызды қуантты.

    Жол қаптамының 37 000 м2 бөлігіне 5 600 тонна асфальтбетон төселіп, жол жиегіне 2 500 м3 құм-шағал тас пен, 400 м3 шебень жатқызылды.

    Осы жолға іргелес жатқан жаяу жүргіншілер жолағының төменгі бөлігіне 400 м3 құм төсеп, 662 дана бетон плиталарын орнату нәтижесінде қауіпсіз әрі жайлы жаяу жүргіншілер жолы салынды.

    Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдың жөнделген бөлігіне 110 дана ескерту бағаналары орнатылып, автомобиль жолдың 6 шақырым бөлігіне жол сызығы тартылды.

    Автомобиль жолының 6 шақырымына 95 дана жол белгісі мен 50 дана жол белгісі бағаналары орнатылды.

    Айта кету керек, жөндеу жұмыстарына 150-ге жуық техника мен 300-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.

    Шынында да, елімізде, Сырдария облысында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан реформаларға Өзбекстан Республикасы Президентінің «Жол шаруашылығы саласын одан әрі жетілдіру іс-шаралары туралы» 2023 жылдың 10 октябріндегі ПҚ—330-санды қаулысы ісжүзіндік бағдарлама болды. Сайхунабадтың абат әрі тегіс жолдары пікіріміздің дәлелі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates