Жылжымалы қызмет не екенін ойлап таптым.

    Мемлекет қызметі орталығына мүгедектігі бар азамат атынан оның ғызы бір жылдық зейнетақы ақшалары туралы анықтама алуға келді.

    Мен мұндай құжаттар тек азаматтардың тікелей өзіне берілуін, екінші тұлға анықтаманы беріп жіберуіне заңды өкілеттігім жоқ екенін түсіндірдім. Біраз ыңғайсыз жағдайға түскен әйелдің жүзінен осы құжат өте маңызды екенін түсіндім. Марғыландықтарға тән қонақжайлылықпен жанұя жағдайына қызықтым. Кейін білсем, науқас ұзақ жылдан бері қант диабетімен ауырады екен.

    Шынында дұрыс істеген болсам да неге екенін қайдам әйелдің үмітпен бір нүктеге қарағаны еш көз алдымнан кетпеді. Түске дейін адамдармен жұмыс істесем де пікірімді жинақтай алмадым. Сол жағдай ойымнан кетпеді. Әйел орталыққа оны қандай алып келемін деп ойлаған шығар… білмедім!

    Қорыта айтқанда, мүгедектігі бар атаға тиісті болған бір жылдық зейнетақы мәліметтерін қолтығыма қысып сол мекенге бардым. Бардым, көрдім. Жағдайымен таныстым. Шынында да, ата науқас екен. Мүмкіндігі барынша жүруге, ашық ауада тынығуға ұмтылды.Бірақ әңгімелескен соң, жағдайды түсіндірдім. Мәліметтерді қолына бердім. Кейін білсем, оның қызы әлі үйіне қайтпапты.

    Қайтар кезде науқас үстімдегі ресми киіміме қызыға қарап тұрып, қолын батаға жайды. Сондай күндер келгені рас болсын, жалғассын. Бізге өте жақсы мәміледе болдыңыз, Алла перзенттеріңізден мың есе болып қайтсын..

    Желкемнен жауапкершілік жүгі аударылғандай жеңіл тыныс алдым. Дарбазадан көшеге шығып, бүгінге дейін көрсеткен жылжымалы қызметіміз арқылы мыңдаған қызметтің, миллиондаған батаға қолын ашқан қолдарды сезіндім. Сол күні жылжымалы не екенін өзімше одан да тереңірек түсіндім.