Сенат төрайымы Женева қаласында шетел парламенттері делегацияларының басшыларымен кездесті

    Швейцарияның Женева қаласында Парламентаралық одақтың (ПО) 148-Ассамблеясы өтіп жатқаны белгілі.

    Оған Олий Мажлис Сенаты Төрайымы басшылығында еліміздің парламентінің делегаттары қатысуда.

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Парламентаралық одақтың 148-Ассамблеясы аясында Әзербайжан Ұлттық мәжілісі төрайымы Сахиба Гафаровамен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановпен, Армения Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Ален Симонянмен және Ресей Федерациясы Федералдық Мәжілісі Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Константин Косачевпен екіжақты кездесулер өткізді.

    Әр елдің парламент басшыларымен екіжақты қарым-қатынастардың айрықша жақтары туралы пікір алмасылды. Алдағы жоспарлар тақыланды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.