Кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарын, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік, ғылыми-техникалық салалардағы болашақ жобаларды ілгерілету, білім беру және мәдени-гуманитарлық алмасуларды  кеңейту, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық мәселелерді талқылады.

Сенат Төрайымы Т.Нарбаева соңғы жылдарда екі мемлекет арасындағы парламентаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер, сонымен қатар үстіміздегі жылдың октябрь айында Самарқант қаласында болып өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының күзгі сессиясы қорытындылары және осы сессия ТМД парламенттері арасындағы ынтмақтастық байланыстарды жаңа басқышқа бастап бергеніне тоқталды.

Өз кезегінде, РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы В.Володин парламенттер мүмкіндіктері аясында екі ел басшылары деңгейінде қабылданған қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету маңызды екенін айтып, бүгінде Өзбекстан Ресейдің маңызды экономикалық серіктестігі екендігіне, мелекеттер арасында сауда айналымы өскеніне және транспорт, өнеркәсіп, туризм және тағы басқа салаларға байланысты күшейту қажет екеніне баса назар аударды.

Кездесу барысында халықаралық парламентаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сондай-ақ халықаралық және аумақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.