Заңмен 2025 жылға арналған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын белгілеу, сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдерімен үйлестіру, Президентіміздің кәсіпкерлермен ашық диалог аясында бизнес жүргізуді жеңілдету туралы белгілеп берілген міндеттердің орындалуын қаматамасыз ету мақсатында кейбір заңдылық құжаттарына қосымша және өзгерістер енгізілуде.
2025 жылға белгіленген салық саясатында негізгі салық ставкалары қосылған құн салығы 12 пайыз, пайда салығының базалық мөлшерлемесі 15 пайыз, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 12 пайыз, заңды тұлғалардың мал-мүлікке салынатын салық ставкасы 1,5 пайыз, ауыл шаруашылығына арналған жер салығы 0,95 пайызды , ауыл шаруашылығы жерлерін суару және балық өсіру (шаруашылық) үшін су ресурстарын пайдалану үшін салық 1 куб метрге 100 сум, әлеуметтік салық 12 пайыз (бюджет ұйымдары – 25%), айналымнан алынатын салық 4 пайыз мөлшерінде өзгеріссіз қалуда.
Заңды қабылдау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдайларды жасауғамүмкіндік беретін салық міндеттемелерін орындау бойынша тиісті құқықтық қатынастарды реттелуі қамтамасыз етіледі.
Атап өтілгендей, салық саясатында негізгі салық ставкаларын өзгеріссіз сақтай отырып, халықты салауатты өмір салтына тарту және қоршаған ортаны қорғауды ынталандыру бағыттары көзделуде.
2025 жылдың 1 январынан бастап кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту арқылы қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру мақсатында ұялы байланыс қызметіне акциз салығы жойылып барлық баспа және полиграфиялық кәсіпорындары 2025 жыл 1 январьдан 1 январьға дейін табыс салығынан босатылады.
Заңда халық депутаттары жергілікті Кеңестердің жергілікті бюджетке қатысты өкілеттіктері кеңейтілген. Оларға аудан және қалалардың экономикалық даму деңгейін негізге ала отырып, жеке тәртіптегі кәсіпкерлер үшін қатаң салық ставкасының ең төмен және ең жоғары ставкалар (диапазонда) шеңберінде белгілеу және су ресурстарынан пайдалану үшін салық, сондай-ақ норуда құрылыс материалдары бойынша жер карталарынан пайдаланғаны үшін салық ставкаларына арттырушы және азайтатын коэффиценттер қолдану өкілеті беріледі, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Бұл туралы Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Сенаторлар өз сөздерінде Заңда бюджет табыстарының базасын кеңейту, салық саясатын белгілеуде салауатты өмір салтын қалыптастыру, табиғатты қорғауды ынталандыру мәселелеріне баса назар аударылғанын атап өтті.
Талқылау соңында Заңды сенаторлар мақұлдады.









