Сенаттың жалпы мәжілісінде Тұрғын үй кодексі мақұлданбады

    Ел назарында 4 Avgust 2022 2451

    Сенаттың жиырма тоғызыншы жалпы мәжілісінде Өзбекстан Республикасының Тұрғын үй кодексі талқыланды.

    Атап өтілгендей, Кодексті дайындауда бірқатар оң мақсаттар, атап айтқанда, қоғам сұранысына қарай құрылыс, қайта құру және бұзу жұмыстарын жүзеге асыру тәртібін одан әрі жетілдіру, жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үйді пайдалануда заңдылыққа және нормативтік құжаттарға мойынсұну жауапкершілігін арттыру көзделген.

    Бірақ талқылау барысында сенаторлар кейбір нормаларды қолдану механизмдері Кодексте жеткілікті түрде ашылмағанын атап өтті.

    Атап айтқанда, жергiлiктi билік органдарының заңды тұлғаларға мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шартының талаптары негiзiнде белгiлi бiр мақсатта пайдалануға беру жөнiндегi өкiлетiн жүзеге асыру тәртiбi белгiленбеген. Ал бұл үкімет өкілетін асыра пайдалануға және басқа да сыбайлас жемқорлыққа жағдай жаратады.

    Сондай-ақ, Кодексте белгіленген жеке және заңды тұлғалардың, яғни тұрғын үйлерді жекешелендіру жолдары яғни, жеке тәртіппен құрылысшылардың шіркеттері тарапынан тұрғын үй салу және облигацияларды алу жолдарын реттеуге іс жүзінде бірде бір нормативтік-құқықтық құжат жоқтығы айтылды.

    Сонымен қатар, меншік иелерімен келісімшарт негізінде тұрғын үйдің бұзылуы мен оның орнына жаңа үй құру мүмкін екені, келісімшарт нотариалдық тәртіппен бекітілген және тұрғын үй құру үшін қажетті рұқсат алғаннан кейін күшіне енетіні Кодексте көрсетілмеген болса да, келісімшарттың қайсы түрі туралы айтылғаны ашық айтылмаған.

    Бірақ бұл мәселелер келісімшарттық құқықтық қатынастарды реттейтін Азаматтық кодексте де көрсетілмеген.

    Бұл ретте заңдылық техникасының ережелері қажетті деңгейде сақталмаған. Кейбір нормалар бір-біріне қарама-қайшы. Мемлекеттік органдарға бірқатар баптармен дискрециялық (шектеусіз) өкілеттер берілген, ал Кодексте қолданылатын бірқатар сілтемелік нормалардың жеткілікті негіздері жоқ. Өз кезегінде бұл жағдайлар түрлі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

    Талқылау соңында Кодекстің қоғам үшін маңызды болған әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттейтінін ескере отырып, ұлттық заң құжаттарын, озық шет мемлекеттердің тәжірибесін және заңгерлердің пікірлерін сараптай отырып, Кодексті жетілдіру мақсатқа сай деп танылды.

    Сондықтан кодексті сенаторлар қабылдамады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates