Жиналыста Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Сенатының жиырма тоғызыншы жалпы мәжілісін 2022 жылғы 4 августа шақыру туралы қаулы қабылданды. Жалпы жиналысты екі күн бойы бейнеконференция түрінде өткізу жоспарлануда.

Айтып өткендей, алдағы жалпы жиналыста бірқатар мәселелер қаралады. Олардың қатарында «Өзбекстан Республикасының Тұрғын үй кодексін бекіту туралы», «Мемлекеттік қарыз туралы», «Өзбекстан Республикасының Жанұя кодексіне өзгертулер енгізу туралы», «Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 2061-бабына өзгерту енгізу туралы» заңдар солардың қатарында.

Жалпы жиналыста «Соттардың қызметін цифрландыруға байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын «Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылында» жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның  2022 жылдың І жарты жылдығы қорытындысының орындалуы бойынша есебін тыңдау жоспарлануда.

Сондай-ақ, сенаторлар Өзбекстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі директорының Өзбекстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық баяндама туралы ақпаратын талқылайды.

Бұдан тыс, Өзбекстан Республикасы ішкі істер министрінің құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың профилактикасының жағдайы туралы ақпараты тыңдалады.

Жалпы жиналыста заңдардың орындалу жағдайын, құқық қолдану тәжірибесін зерделеу және құқықтық құжаттарды қабылдау бойынша мониторингі нәтижелерін талқылау көзделген.

Сондай-ақ сенаторлар Бұхара облысы әкімінің облыста туризм саласын жаңа деңгейге көтеру және қызмет көрсету саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебін тыңдайды.

Жалпы жиналыста Аралбойы өңірінде экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және заманалық инновациялық технологияларды кеңінен қолдап-қуаттау бойынша алға қойылған міндеттердің орындалу жағдайы туралы Министрлер Кабинетіне парламенттік сауал жолдау мәселесі қаралады.

Сондай-ақ сенаторлар жеңіл өнеркәсіп және былғары өнеркәсібі кәсіпорындарында әйелдердің еңбек құқықтарын қорғаудың жағдайы туралы үкіметке жолданған параламенттік сауалдың нәтижелерін талқылайды.

Жалпы жиналыстың күн тәртібінде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің қаулыларын бекіту көзделген.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.