Үстіміздегі жылдың 1 апрелінде халық депутаттары Ташкент қаласы, аудандар кеңестерінің қызметімен жақынан танысу мақсатында астанамызға келген Жызақ облысы, аудандық (қалалық) Кеңестердің депутаттары мен хатшыларынан құралған делегация Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатында болып, парламент жоғары палатасының қызметімен тікелей танысты.
Атап айтқанда, сенаторлар мен делегация мүшелерінің кездесуінде Сенаттың заң шығарушылық, парламенттік бақылау қызметіне, жергілікті Кеңестердің ынтымақтастығын нығайту жөніндегі істерге ерекше тоқталды. Кездесуде соңғы жылдарда Сенат аумақтардың мүдделерін жан-жақты қамтамасыз етуде жергілікті Кеңестермен ынтымақтастығы айтарлықтай дәрежеде дамығандығы баса айтылды.
Атап айтқанда, өткен жылы Сенатқа келіп түскен 91 заң бойынша жер-жерлерде жергілікті Кеңестермен бірге 7 мыңнан астам талқылаулар ұйымдастырылып, аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша Сенат Кеңесінің 7 рет және Сенат комитеттерінің 33 рет жылжымалы мәжілістері өткізілді. Сенаттың жалпы мәжілістерінде жергілікті Кеңестердің тұрақты қомиссиялары мүшелерінің әрдайым қатысуы, сенаторлар арқылы аумақтардағы республикалық деңгейде шешілуі қажет болған мәселелердің жалпы мәжіліс талқылауына шығарып, шешу парктикасы бүгінде өз нәтижесін беруде.
Сондай-ақ Сенат Аппаратының Аумақтық өкілдік органдарының қызметін үйрену орталығының құрылғаны осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыруға қызмет ететіні баса айтылды.
Белгілі болғандай, Орталық ынтымақтастық аясында жергілікті Кеңестердің қызметін цифрландыруға, олардың ақпараттық-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік және халықаралық ынтымақтастық қызметіне көмектесуге, жергілікті Кеңес депутаттарының біліктілігін арттыруға және жаңадан қабылданып жатқан заңдардың мән-мазмұны мен ерекшелігін түсіндіру мақсатында оқыту семинарларын ұйымдастыру сияқты бағыттарда жұмыстар атқарылуда.
Екіжақты қызу пікір алмасуға айналған кездесуде жергілікті Кеңес өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Содан соң кездесу қатысушыларына Олий Мажлис Сенатының жаңа ғимараты таныстырылды.