Сенаттың елу төртінші жалпы мәжілісі 2024 жылдың 10 июлінде шақырылады

    Үстіміздегі жылдың 8 июлінде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің кезектегі мәжілісі өтті. Мәжілісті Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева жүргізеді.

    Онда Сенаттың елу төртінші жалпы мәжілісін 2024 жылдың 10 июлінде шақыру туралы қаулы қабылданды.

    Атап өткендей, бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өтетін жалпы мәжілісте бірқатар мәселелер талқыланады деп күтілуде.

    «Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» және «Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне пиротехникалық заттардың заңға қайшы айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізу туралы» осы заңдардың қатарында.

    Сондай-ақ, сенаторлар « Құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша қосымша іс-шаралар қабылдауына байланысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңды талқылайды.

    Сонымен бірге, сенаторлар «Қала құрылысы саласында мемлекет басқаруы мен елді мекендердің қала құрылысы құжаттарын әзірлеу жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының Қала құрылысы кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» , «Лицензиялау, рұқсат беру және хабардар ету тәртіп-қағидалары туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына кеден

    брокерлерінің қызметін және халықаралық курьерлік жөнелтілімдерді жеткізу қызметін жетілдіруге бағытталған қосымшалар енгізу туралы” заңдарды да қарауды жоспарлап отыр.

    Кезектегі жалпы мәжілістің күн тәртібінен «Фитосанитариялық талаптардың жеңілдетілуіне қатысты «Өсімдіктер карантині туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына қосымша және өзгерістер енгізу туралы”, “Әкімшілік реформалар шеңберінде білім беру саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіруге байланысты» Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы заңдар да орын алған.

    Сонымен қатар, жалпы мәжілісте «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», Түркіменстан және Түркиямен жасалған келісімдерді ратификациялау туралы заңдарды қарау жоспарланған.

    Сенат мүшелері Ташкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту және экологиялық жағдайды жақсарту туралы жүзеге асырылған істерді талқылайды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сапа құрамын жақсарту, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау және кадастрды жүргізу жағдайы туралы үкіметке жолданған парламенттік сауалдың нәтижелерін және өзін-өзі жұмыспен қамту тәртібімен еңбек қызметін жүзеге асырудың кейбір мәселелері бойынша Министрлер Кабинетіне парламенттік сұрауын жіберу қаралады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates