Онда Сенаттың елу үшінші жалпы мәжілісін 2024 жыл 21 июньде шақыру туралы қаулы қабылданды.
Атап өткендей, бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өтетін жалпы мәжілісте бірқатар мәселелер талқыланады деп күтілуде.
«Өз бетінше иелеп алған жер учаскелеріне және оларда салынған ғимараттар мен кешендергеболған құқықтарды мойындау туралы», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», « Мүгедектердің құқықтары туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы» заңдар солар қатарында.
Сондай-ақ сенаторлар «Интеллектуалдық меншік нысандарын құқықтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына қосымша мен өзгерістер енгізу туралы» және Заңды тұлға статусына ие болмаған кәсіподақ ұйымдарды тіркеу тәртібі белгіленгендігіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбiр заң құжаттарына қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы» заңдарды да қарайды.
Сонымен қатар, жалпы мәжілісте «Өзбекстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстеріне және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне есірткі құралдарының, олардың аналогтарының немесе психотроптық заттардың, сондай-ақ күшті әсер ететін және улы заттардың заңға қайшы келуіне қарсы күресуге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңын да талқылау жоспарлануда.
Сонымен бірге, «Өзбекстан Республикасының кейбір құқықтық құжаттарына қосымшалар мен өзгертулер енгізу туралы», «Тауар таңбалары туралы заңдар туралы Сингапур келісімшартын (Сингапур, 2006 жылғы 27 март) ратификациялау туралы» заңдар да қаралатын болады.
Сенаторлар Қарақалпақстан Республикасын комплексли әлеуметтік-экономикалық даму және халықты жұмыспен қамтамасыз ету іс-шараларының атқарылуы, Самарқант облысының махаллаларында кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орнын ашу бойынша істердің жағдайы туралы мәселелері тақыланады.
Жалпы мәжілісте Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына кандидат қаралады және Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасын сайлау, Өзбекстан Республикасы Судьялар жоғары кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері де қаралады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.