Онда Сенаттың екінші жалпы мәжілісін 2024 жылғы 18 декабрінде шақыру туралы қаулы қабылдады.
Атап өткендей, бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өтетін жалпы мәжілісте бірқатар мәселелер талқыланады деп күтілуде.
«2025 жыл үшін Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті туралы», «Салық және бюджет саясатының 2025 жылға арналған негізгі бағыттары қабылданғанына байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына қосымша және өзгерістер енгізу туралы», « 2024 жыл үшін Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті туралы», Өзбекстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңдары да солар қатарында.
Жалпы мәжілісте сенаторлар «Өзбекстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», «Ғарыш қызметі туралы», «Ипотека несие базарын одан әрі дамытуына байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдарды да қарайды.
Сондай-ақ, жалпы мәжілістің күн тәртiбiнде «Корпоративтік қатынастардың құқықтық негiздерiн одан әрi жетiлдiруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбiр заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», «Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер енгізу туралы», «Адам саудасы қылмысы үшін жазалардың күшейтілуіне байланысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабына өзгерістер енгізу туралы» және «Мемлекеттік баж туралы Өзбекстан Республикасының Заңына қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы» заңдар да орын алған.
Сонымен қатар, жалпы мәжілістің күн тәртібінде Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы заңдар да талқыланады.
Сонымен бірге, сенаторлар Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің бірқатар қаулыларын бекіту туралы мәселені де қарайды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.