Шахрисабзда «Жастар туризмі» құрылтайы басталды

    Болашақ ұрпақ 10 Avgust 2022 2466

    Қашқадария облысы, Шахрисабз ауданында «Жастар туризмі» құрылтайының ресми ашылу салтанаты өтті.

    Туризм және мәдени мұра министрлігі мен Қашқадария облысының әкімдігімен бірлесіп өткізген құрылтайдың ашылу салтанатында Премьер-министрдің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов сөз сөйледі.

    «Бүгінгі таңда еліміздегі жастарға қатысты мемлекеттік саясат іс жүзіндегі реформаларымыздың басты бағыттарының бірі болып табылады. Кеше Мемлекет басышсының башылығымен өткен жиында да дарынды жастарға кеңірек мүмкіндіктер берілді. Атап айтқанда, жас мамандарды таңдау Бағдарламасы аясында бітіруші кустардағы қабілетті студенттер іріктеліп, министрлік пен әкімдік жүйесінде тағылымдамадан өтіп, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа қабылданатын болады деп шешілді. Мұның нәтижесінде махалладан — республикаға қағидасы негізінде кадрларды қалыптастыру жүйесі жаратылды. — деді министр. Бүгінгі Құрылтай да дарынды жастарды іріктеуге, олардың туризмді дамыту жобаларына қолдау көрсету арқылы білікті мамандарды даярлауға, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге негіз болады деп ойлаймын».

    Құрылтайдың бірінші күнінде 15 мыңнан астам адам қатысты. Олардың 700-ден астамы Өзбекстанның барлық облыстарынан келген жастар. Сонымен қатар, шараға басқа елдерден келген шетелдік қатысушылар қатысты, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates