Бұхараралық зиялы қауым өкілдері әлеуметтік мемлекет қағидаттарына сәйкес аймақта адам мүддесі қамтамасыз етіліп жатқанын жеткізді. Заманауи мектептер мен институттар құрылып, балалардың білім-тәрбиесіне мүмкіндіктері кеңейуде. Халықтың денсаулығы тұрақты бақылауда.

Экономикалық-әлеуметтік бағдарламалардың нәтижесінде аудандарға өнеркәсіп еніп, махаллалар көркейіп келеді. Кәсіпкерлік пен өзін-өзі жұмыспен қамтуға кеңінен жол ашылған.

«Сайхунабад» тәжірибесіне сүйене отырып, экономикалық комплекс ұйымдары күн көтісі төмен отбасылармен жұмыс істеп, олардың табыс табуына көмектесуде.

Осылардың арқасында республикада даму, әлеуметтік ортаның тұрақтылығы нығайып кележатқаны айтылды. Зиялы қауым өкілдері Бұхарада іске қосылып, салынып жатқан кәсіпорындардың халықты жұмыспен қамтуда маңызы зор екенін атап өтіп, Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдірді.