Бюро Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жетекші институттарының бірі болып табылады, оның қызметі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын, демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды ілгерілетуді қамтиды.
ДИАҚБ 1999 жылдан бері Өзбекстандағы президент пен парламенттік сайлауды бақылап келеді. Ал, 2016 жылдың желтоқсанында Бюро Өзбекстанға президент сайлауын бақылау үшін бірінші рет толық миссиясын жіберген болатын.
Кезекті Президент сайлауын бақылау үшін дәл осындай делегация Өзбекстанға келді. Бірлескен халықаралық миссияның құрамына Бюро құрамынан бөлек, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Еуропалық Парламенттің бақылаушылары бар.
Тараптар демократиялық реформаларды жүзеге асыру, сайлау заңнамасы мен сайлау процестерін жетілдіру, сондай-ақ халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес маңызды саяси шараларды дайындау мен өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты және Өзбекстан либералды-демократиялық партиясынан Президенттікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттары да сөз болды.