20 қаңтарда осыған байланысты міндеттер бойынша жиын өтті. Аудан мен махалланың ерекшеліктеріне сүйене отырып, мектептің өзінде оқушыларды 64 түрлі жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту жоспарланды.

Бұл мақсат кей жерлерде жолға қойыла бастады. Атап айтқанда, Әндіжан ауданындағы 55-ші жалпы білім беретін мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жағдай жасалды. Мектептің бос жатқан жертөлесі кәсіпкерлерге беріліп, жастарды кәсіпке баулу ісі қолға алынды.

Мемлекет басшысы мектепте арнайы берілген бөлмелерді аралады.

Мұнда мектептің жоғары сынып оқушылары тігіншілік, жиһаз жасау, кондитерлік бұйымдар, қолөнер бұйымдарын жасау, қоржын тоқу, көрпе тігуді үйренуде. Сондай-ақ мектеп аумағында автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, дәнекерлеу, типография, компьютерлік қызмет көрсету және салондар ұйымдастырылған.

Мемлекет басшысы осындағы кәсіп игеріп жатқан жастармен әңгімелесті.

– Білсеңіз, кәсіп иес болмай оқуды бітіргендер өмірде қиналады, жұмыс таппайды. Қолөнері бар, шет тілін білетін адамның жолы ашық. Сіздерде осындай мүмкіндік бар. Еңбек етіңіз, білім алыңыз, кәсіп үйреніңіз. Шешім және күш-жігер қашан жемісін береді? Егер маман керемет болса. Инвесторлар кадрлардың білімі мен біліктілігіне де сеніп келеді. Еліміздің ең үлкен байлығы – жастар, – деді Шавкат Мирзияев.